+7 (727) 267-28-83

03.05.2024

Название:
3 мамыр, сағат 11.00-де «Қаһарман Қасым» атты кітабының тұсаукесері өтеді
Дата:
03.05.2024
Расположение:

Описание

 

2024 жылғы 3 мамыр, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Нұразханның «Қаһарман Қасым» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Қазақстанның Халық қаһарманы, даңқты партизан-жазушы  Қасым Қайсеновтің жеке хатшысы қызметін атқарған Е. Нұразхан бұл кітабында батырдың өз аузынан естіген әңгімелері мен қоғамдық мәселелерді көтерген хаттарын және сол уақытта жазылған өз күнделігінен үзінділер мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын топтастырған.

Сондай-ақ, Қ. Қайсеновтің өмірлік жары Асылхан Қабышқызының жазбалары да қаһарман бейнесін толықтыра түседі.

Кітап халқын сүйген ұлттың ұлы перзенті жайлы көпшілікке беймәлім қырлары мен адамгершілік болмысынан хабар беретін деректерді, мінез ерекшелігіндегі қызықты сәттерді баян етеді.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, суретшілер, көз көрген замандастары, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі және т.б.

 

Кітап шоу - 2024