+7 (727) 267-28-83

images2019 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Қазақтелефильм» студиясының құрылғанына 50 жыл толуына орай шығармашылық ұжымның ардагерлерімен кездесу өтті.

Шараны модератор – әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ‑дың профессоры, тележурналист Құдайберген Тұрсын ашып, алғысөзді журналист, жазушы, теледраматург, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалы мен қазақстандық публицист, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Ғаділбек Шалахметовке берді.

Кездесу барысында «Қазақтелефильм» студиясының құрылғанына 50 жыл толуына арналған бейнероликтер көрсетіліп,  шығармашылық ұжымның ардагерлері режиссер-оператор Сәрсен Тәжімұратов, ардагер, режиссер Валерий Задарновский және тағы басқалар жылы лебіздерімен бөлісті.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ««Қазақстан» РТРҚ»» АҚ Басқармасының  атынан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Сәуле Жиреншина «Қазақтелефильм» студиясының ардагерлерін  марапаттады.        

Сонымен қатар Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Бектұрсынова Рузанна Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алғысхатын табыстады.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен жазбалар архиві «Қазақтелефильм» студиясының құрылғанына 50 жыл толуына арналған көрме ұйымдастырды.                                                 

                                           

photo5440874303424933110   photo5442868714438503917

photo5442639857106136064   photo5442868714438503923

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 548 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.