1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Қиын қыстау кезеңдерде өзге ұлт өкілдерін жатсынбай, бауырына басып, қолындағы барын бөліскен қазақ халқының кең пейілі мен мейірімділігінің арқасында елімізде 130-дан астам ұлттар мен этностар береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүруде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы осы мерекеге орай «Шын жүректен алғыс айтамын»: Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен алғыс айту күніне арналған бейне-роликті назарларыңызға ұсынады.