+7 (727) 267-28-83

индия14 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хореограф Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсаукесері өтті.

«Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабында (Алматы, Жібек Жолы, 2023) алғаш рет үнді классикалық биінің «ұғымы» және оның рухани, зияткерлік мазмұны ашылған; екі мәдениеттегі би дәстүрінің ортақтығы, Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстар, Қазақстанда және шетелде стильдендірілген үнді биінің дамуы туралы баяндалған.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін шара модераторы - ҚР Журналистика Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры Қозыбаев Сағымбай Қабашұлына берді.

Аталмыш кітаптың тұсаукесер рәсімінде Қазақстандағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы Хоти Лал мырза, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Әуез Мұрат Мұхтарұлы, қазақстандық және кеңестік балет әртісі, педагог-репетитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Л.Г.Рудакова «Жібек жолы» баспа үйінің бас редакторы Балжан Хабдина, балеттанушы, балет сыншысы, мәдениет пен өнер бойынша бағдарламалардың авторы Флюра Мусина және т.б. сөз сөйледі.

Өз кезегінде Ақмарал Қайназарова ҚР Ұлттық кітапханасының қорына «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының екі тілдегі нұсқасын бес данадан сыйға тартты.

Қатысушылар: ақын-жазушылар мен журналистер, хореографтар, әдебиеттанушылар, оқытушылар мен студенттер, кітапханашылар, БАҚ өкілдері және оқырмандар.

4feb5d0e 39a3 4a72 bbe1 dda7f1707373   319ae9b1 b4fa 4b32 ad3e 9f742127fe9a   526becc3 ef16 4af7 bfd2 cdb1667c84b1
8f88dc49 5b1c 45ba b126 3f4b5b218047   88d1dc54 52a7 4a0a 88a4 5478fb4fed52   988edc22 f762 4d53 843e 594ffda6d87d

 

Кітап шоу - 2024