+7 (727) 267-28-83

354232192 629885042506916 3452415166559406515 n15 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Алматы қаласы «Психологиялық денсаулық сақтау орталығының» нарколог-дәрігері – Трубникова Анна Александровна, Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының аға жедел уәкілдері, полиция майоры –Досболова Сұлушаш Ақылбекқызы және полиция майоры – Көбеев Дәурен Асқарұлының қатысуымен «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбындағы кітапхананың жас мамандарымен кездесу өтті.

Шараның мақсаты – адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға және жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы жүргізді. Өз кезегінде қонақтар есірткінің медициналық тұрғыда адам ағзасына зияны мен оның түрлері және есірткі тұтыну, сату және контрабандалық іс-қимылдардың заң жүзінде қарастырылған жаза түрлері, есірткі өнімін ұсынушылар, тасымалдаушылардан сақтану жолдары, сенім телефондарына және шұғыл әрекет ету тобына жүгіну ережелері бойынша сұрақ-жауап арқылы кең ауқымды мағлұмат берді.

Кездесу соңында Ажар Хамитқызы іс-шараны бірлесе өткізуге атсалысқандары үшін қонақтарға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының алғыс хатын табыстады.

Шара барысында «Психологиялық денсаулық сақтау орталығы» мамандарының қатысуымен Алматы қаласы полициясы департаментінің дайындаған синтетикалық есірткінің зияны және оларға деген тәуелділік туралы "Химиялық өлім" деректі фильмі көрсетілді.

353627292 629885155840238 7753086572403212548 n   353636320 629885089173578 1603231057313361712 n   353812186 629885102506910 1552083884995515255 n
354058133 629885185840235 7645045928577070097 n   353645930 629885199173567 7523867540495070999 n   353649029 629885122506908 6340930953828797612 n

 

Кітап шоу - 2024