+7 (727) 267-28-83

357578517 643636861131734 9093415349860970750 n

7 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Түркия Республикасының ғалымдар делегациясы құрамында: Каратеңіз техникалық университетінің профессоры Хикмет Өксуз, Мармара университетінің профессоры Кемалаттин Кузужу, Памуккале университетінің профессоры Туркан Эрдоган, Хажетепе университетінің профессоры Эмине Ердоган Өзунлу, Сакария Университетінің профессоры Мухаммед Билал Челик, Сакария Университетінің докторанты, «Education Industry» компаниясының директоры Ләзиза Нұрпейіс келді.

Қонақтар үшін кітапхана және шет елдердің мәдениет және әдебиет орталықтары бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Сонымен қатар гуманитарлық білім бойынша маңызды әдебиеттер, барлық саладағы анықтамалық сөздіктер, өлкетану альбомдар, мерейтойлық көрмелер ұсынылған Түркия кітап бұрышының қызметімен танысты. Экскурсияны «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қасымбекова Құттықыз және «Әлем әдебиеті» қызметінің топ жетекшісі Аширова Фарида жүргізді.

358528935 643636811131739 3941844060810137846 n   359018413 643636774465076 5345388927409117256 n   359060977 643636717798415 7877376698259158190 n

 

Кітап шоу - 2024