+7 (727) 267-28-83

22авг

22 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі балалар жазушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Дарынымен дараланған дарабоз» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Қали Сәрсенбай жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, академик, профессор Бауыржан Жақып; белгілі ғалым, жазушы, публицист Бейбіт Қойшыбаев; Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ» журналының бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Қожахметова Мағира Дәулетбайқызы; журналист, сыншы, әдебиеттанушы Алия Бөпежанова; белгілі зерттеуші, этнограф, жазушы Тынышбек Дайрабай; Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов; Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман; Сарысу аудандық окж директоры Айтбала Жолмаханова және т.б.

Шара аясында жазушының шәкірттері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, дәстүрлі әншілер Сәуле Жанпейісова мен Ардақ Исатаева, ҚР Мәдениет және білім беру саласының үздігі Торғын Смайылова, ҚР мәдениет саласының үздігі, күйші Саян Ақмолда ұстаздарына арналған мерейтойлық жылы лебіздерін білдіре отырып, әнмен шашу шашып, қыл қобызбен күй орындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: жазушылар, өнертанушылар, ғалымдар, белгілі өнер адамдары, әншілер, жазушының шәкірттері, БАҚ өкілдері және т.б.

22авг1   22авг2   22авг3

 

Кітап шоу - 2024