+7 (727) 267-28-83

қытай1

4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Нишан» кітаптар бұрышының ашылуы өтті. Іс-шара аясында Қытай Халық Республикасының «Дружба» Шаньдун баспасынан шыққан кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті. Шара Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп өткізілді.

«Нишан» халықаралық кітап үйі - Қытай мәдениеті мен әдебиетін бүкіл әлемге тарату мақсатында ұйымдастырылған жоба.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым, ол барлығын «Нишань» кітаптар бұрышының ашылуымен құттықтады, ҚР Ұлттық кітапханасының басшылығына көп жылғы ынтымақтастық үшін алғысын білдірді; Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Т. Жумадельев; ҚХР «Достық» Шаньдун баспасының редакция басшысы Хэ Хуэйни; «Шаньдун-медиа баспасы» АҚ Баспа ісі департаментінің директоры Дин Ли. Қытайлық қонақтар қазақстандық оқырмандарға жаңа кітаптарды таныстырып, табыс етті.

Шаньдунның «Достық» баспасы ҚР Ұлттық кітапханасына танымал авторлардың жаңа әдебиетінің, балалар әдебиетінің, тіл білімі бойынша кітаптардың 250 данасын, көркем кітаптардың сериялық басылымдарын, энциклопедияларды, түрлі-түсті фотоальбомдарды табыстады.

Сондай-ақ, салтанатты сыйға тарту рәсіміне «Шығыс әдебиеті мен өнері» баспа компаниясы директорының орынбасары Ж.Ж Омар, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің оқытушылары мен студенттері және оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

қытай2   қытай3   қытай4   қытай5    
қытай6   қытай7   қытай8   қытай9    

 

Кітап шоу - 2024