+7 (727) 267-28-83

карагандыы

13-14 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі А.Н.Шуленбаева Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойына арналған «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» атты халықаралық форумға қатысты.

Форумға еліміздің ұлттық кітапханаларының өкілдері; облыстық кітапханалар, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары; Қарағанды облысы ОКЖ басшылары және мамандары; мектеп кітапханашылары, балалар жазушылары және Қырғызстан, Ресей елдері балалар кітапханаларының басшылары және қоғам қайраткерлері қатысты.

А.Н.Шуленбаева форум аясында «Балалар кітапханаларының өзекті мәселелері» тақырыбындағы пікірталас алаңында модератор болды.

Бағдарламада пленарлық отырыс; кәсіби, пікірталас алаңдары; шеберлік сыныптары; «3D: Даму. Дағды. Демалу» фрэнд-акциясы; Қазақстан балалар жазушыларымен кездесу, ашық микрофон, баспасөз конференциясы сияқты шаралар қамтылды.

Сондай-ақ, форум қатысушыларына Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне экскурсия жасалды.

караганды   караганды1   караганды22

 

Кітап шоу - 2024