+7 (727) 267-28-83

баку21 қыркүйекте Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында өткен «Ұлттық кітапханалар - халықтардың рухани байлығының сақтаушысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және оның Қазақстанның құжаттық тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы рөлі»  атты тақырыпта баяндама оқыды, онда мемлекеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жан-жақты зерттеу және  дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

 

Конференцияны М.Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Ұлттық кітапханасының директоры Тахиров Керим Магомедович жүргізді.

Конференцияға  Әзірбайжан мемлекеттік органдарының өкілдері, жақын және алыс шет елдерінің ұлттық кітапханаларының, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым,  БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.

баку1   баку2   баку3   баку4

 

Кітап шоу - 2024