+7 (727) 267-28-83

fre22

22 қыркүйекте Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында көрнекті қазақстандық жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық және белгілі әзірбайжан жазушысы Мір Жәлел Пашаевтың 115 жылдық мерейтойларына орай «Түркі әдебиетінің тарландары» атты дөңгелек үстел, сонымен қатар Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқы» атты кітабының әзірбайжан тіліне және Мір Жәлел Пашаевтың «Таулардың жүрегі» атты қазақ тіліне аударылған кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы және Әзірбайжандағы Ататүрік орталығының төрағасы, Ұлттық Мәжілісінің мүшесі, академик Низами Джафаров жүргізді.

Шарада Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының директоры, профессор Керим Тахиров; Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы; Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі Керимли Адиль Габиль оглы; Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісі Мәдениет комитетінің төрайымы Пашаева Ганира Алескер гызы және Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Байел Әлім Дәуренұлы сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойымен құттықтау хатын табыстады.

Мәдени шарада айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, Қазақ радиосындағы «Кітапхана» бағдарламасының жүргізушісі Талант Арынғали арнау орындады.

Дөңгелек үстелдіе Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Иса Габиббейли; Әзірбайжан дипломатиялық академиясы университетінің ректоры, профессор Хафиз Пашаева; белгілі кемелтанушы Бақтығали Айжігітов; Баку мемлекеттік университетінің профессоры, кемелтанушы Тахсин Муталлибов; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарлы Қойшықұл Мұстафаұлы; Әзірбайжан Жазушылар одағының бірінші хатшысы, халық жазушысы Абдуллаев Чингиз Акиф оглы; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы; Мір Жәлел Пашаевтың шығармаларын аударған жазушылар Нариман Абдулрахманлы және Нұрғали Ораз түркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Кемел Тоқаев және Мір Жәлел Пашаевтың шығармашылығын талқылап, сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан және Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының қорынан Кемел Тоқаев және Мір Жәлел Пашаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Түркі дүниесі әдебиетінің тарландары» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның мәдени-рухани мұрасын насихаттау мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасы айырбас-резервтік қорынан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген 125 дана кітапты Әзірбайжан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты.

баку22   баку222   баку2222

 

Кітап шоу - 2024