+7 (727) 267-28-83

10қазан

10 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Қ. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұжымының дайындаған кезекті басылымы – «П.И. Мариковский. Копии наскальных рисунков. Графика. Живопись» атты альбомының тұсаукесері өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы құттықтау сөзбен ашып, сөз кезегін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві директорының орынбасары Бейсембаева Меруерт Маликқызына берді.

Сөз сөйлегендер: альбомның жауапты құрастырушысы, ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Печерских Владимир Еренеевич; ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК маркетинг және PR директоры Қоспенбетова Баян Қадыржанқызы; журналист, Қазақстан Жазушылар Одағы мен журналистер Одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна; Алматы қаласы № 137 лицейі география пәнінің мұғалімі Спицына Ирина Анатольевна.

Шараға кітапхана оқырмандары, студенттер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

10қазан1   10қазан2   10қазан4   10қазан5

 

Кітап шоу - 2024