+7 (727) 267-28-83

12ақтауқазан

12 қазанда Ақтау қаласындағы Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы өтті.

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Қазақстандық Кітапханалық Одақ кеңесінің отырысында бірлестік жұмысына тоқталып, Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық  әмбебап кітапханасының директоры Айтуарова Зәуре Жаншақызына «Жыл кітапханашысы-2023» номинациясын табыстады.

Сонымен қатар «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің төраға кеңесшісі Г.Х.Бейсеева агенттік қызметі және «Стеллажи. kz» компаниясы бас директорының орынбасары О.В.Фальковский компания жұмысы туралы, А.Х.Юсупова «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясындағы халықтың оқу белсенділігін арттыру жөніндегі «Оқитын  ұлт» мемлекеттік жобасының мәселелері туралы сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы Т.Н. Урманбеков Қазақстандағы креативті жас кітапханашылардың бірінші сессиясында көтерілген «Республикалық жас кітапханашылар ұйымын» құру және ұйымның мақсаты мен міндеті, алдағы жоспары туралы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, одақ отырысы аясында Ұлттық кітапхана мамандары: бас есепші Д.Б. Қазкенова, Қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Қ. Бектурбекова және Анықтама-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Ж.А. Тоқтарова Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында оқу-үйрету шеберлік-сабақтарын өткізді.

Облыстық кітапхана басшылары Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарын білдірді.

12ақтауқазан1   12ақтауқазан2   12ақтауқазан3    
12ақтауқазан4   12ақтауқазан5   12ақтауқазан6    

 

Кітап шоу - 2024