+7 (727) 267-28-83

12шара12 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, көрнекті қытайтанушы ғалым, белгілі ақын, аудармашы, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай «Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи-мәдени һәм саяси ынтымақтастықтың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шара модераторы – ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент –мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Шарада Дүкен Мәсімханұлының  «Шығыс әлемі: Аңыз бен шындық» зерттеулер жинағы;   «Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары»  атты   5 томдық көркем  аудармалар жинағының және «Жүрегімнің жұмбағы» жыр жинағының, «Ұлт пен рух» ғылыми зерттеулер, әдеби портреттер жинағының,«Ғалым. Ұстаз. Ақын. Аудармашы. Азамат» атты Д. Мәсімханұлы туралы жинақтың; «Д. Мәсімханұлы шығармаларының библиографиялық көрсеткіші» еңбектерінің  тұсау кесер рәсімі өтті.

Шараға шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, кітапхана оқырмандары мен студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

12шара1   12шара2   12шара3    
12шара4   12шара5   12шара6    

 

Кітап шоу - 2024