+7 (727) 267-28-83

12қазанақтау

12 қазанда Ақтау қаласында Достық үйінде Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық  әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойы аясында «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты республикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.

Аталған шараға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында: директордың  кітапханалық жұмыстар  жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова; бас есепші Д.Б.Қазкенова; Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстар қызметінің жетекшісі А.Н.Нұрсейітова; Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова және топ жетекшісі А.Н. Шуленбаева; Қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Қ. Бектұрбекова;  Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Ж.А. Тоқтарова; Сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің мамандары: Т.Н.Урманбеков және Е.С.Қабдрашидов қатысты.

Шараны модератор - Маңғыстау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Байпақов Әбілхайыр Жаңайұлы жүргізді.

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы пленарлық отырыста Маңғыстау облысының және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық  әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, бірқатар әріптестерімізді «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілермен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшысы Қуат Бораштың құттықтау хатын табыстады.

ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы Урманбеков Таңжарық мерейтойға арнап арнау орындады.

Шараға республикалық және облыстық кітапхана басшылары, кітапхана ардагерлері, маңғыстаулық ақын-жазушылар мен кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.

12қазанақтау1   12қазанақтау2   12қазанақтау3   12қазанақтау4   12қазанақтау8.jpg
12қазанақтау5   12қазанақтау6   12қазанақтау7   12қазанақтау9.jpg   12қазанақтау10.jpg
12қазанақтау12.jpg   12қазанақтау11.jpg   12қазанақтау13   12қазанақтау14   12қазанақтау15
               

 

Кітап шоу - 2024