+7 (727) 267-28-83

13шара

13 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Әдебиет академиясы» залында Республика күніне орай «Жас қалам» клубы мүшелерінің қатысуымен «Бейбіт өмір, Отан, сенің құшағың» атты жыр кеші өтті.

Жыр кешінің мақсаты - жас ақындардың шығармашылығымен танысу және жастардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын дәріптеу.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке жер аумағы, азаматтығы, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Осы арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады.

Іс-шараның модераторы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан.

Өлең оқығандар: Лаззат Исабаева, Наурызбай аудандық кітапханасының меңгерушісі; Жадыра Ілиясқызы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қызметкері; Бақыткүл Тұрсынбаева, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің студенті; Бағдәулет Ақынбекұлы, Нұрлы ауылдық орта мектебінің оқушысы; ақын Ұлан Ысқақтың қыздары Сара  мен Бүбі; Абзал Нұрқасым, Алматы темір жол көлігі колледжінің студенті және басқалар.

Қатысқандар:  «Жас қалам» клубының мүшелері, мәдениет, әдебиет саласының мамандары, ЖОО оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары және т.б.

13шара1   13шара2
13шара3   13шара4

 

Кітап шоу - 2024