+7 (727) 267-28-83

тоқаев

14 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнекті қазақстандық жазушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай  қорытынды дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстел барысында: ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі Қансейiт Әбдезұлы, термеші, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Зарлы Қойшықұл Мұстафаұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Оразов Нұрғали Балтақараұлы, «Балдырған» журналының бас редакторы Мағлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы, ақын, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Байтұрсынұлы Дәулетбек жазушының шығармашылығы туралы сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін жеткізді.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың түрік тіліне аударылған «Әке туралы  ой-толғау» атты кітабын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты.

Сонымен қатар, Мәлік Отарбаев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өткен халықаралық іс-шараларға белсенді түрде атсалысып, бауырлас елдерде оның шығармаларын кеңінен насихаттауға, екіжақты мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова мен кітапхана қызметкерлерін: Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Қ.М.Изамбекованы; Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.Қ. Бекпулатованы; Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстар қызметінің жетекшісі А.Н.Нұрсейітованы; Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Ж.А.Абдикеримованы; Сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің маманы Е.С.Кабдрашидовты; Термеші, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Қ.М. Зарлыны; «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының жетекшісі  Б. Жағыпарұлын; айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, «Қазақ» радиосындағы «Кітапхана» бағдарламасының жүргізушісі Т.Арынғалиды; Талғар аудандық кітапханасының бөлім меңгерушісі Р.Т.Тоқарзаеваны;

Сондай-ақ, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі Қ. Әбдезұлын; Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Н. Оразовты; «Балдырған» журналының бас редакторы Д. Мағлұмовты; ақын, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Д. Байтұрсынұлын; Қ. Байдәулетті, З. Асанованы, Д. Бердімұратты марапаттады.

тоқаев2   Тоқаев1   тоқаев3   тоқаев4
тоқаев5   тоқаев6   тоқаев7   тоқаев8

 

Кітап шоу - 2024