+7 (727) 267-28-83

консервация

2-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары: қызмет жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы және қалпына келтіруші Ұзынжасова Гүлнар Шелекбайқызы «Кітапхана қорын қалпына келтіру: классикалық кітап беттерін қалпына келтіру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті. Білім беру бағдарламасын Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Ресей мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қ.) ұйымдастырды.

Курста құжаттарды профилактикалық консервациялау, классикалық кітап беттерін қалпына келтіру: түсінігі, негізгі процестері, қалпына келтіру материалдары; құжаттың сақталу жағдайын бағалау және оны қалпына келтіруге дайындау; құжаттың орналасуы; беткі ластаушы заттарды кетіру (құрғақ тазалау); парақты жуу және кептіру; жетіспеушілігін толықтыру, парақтарды нығайту және т.б. теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Курс мақсаты – құжаттамалық мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру. Сабақ барысында қалпына келтірушілер классикалық кітап беттерін қалпына келтіру бойынша күрделілігі әртүрлі дербес, тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды және шеберлік сабақтарын Ресей мемлекеттік кітапханасының тәжірибелі қалпына келтірушілері мен сарапшылары Алексей Анатольевич Кащеев және Любовь Николаевна Никифорова жүргізді.

Екі аптаның ішінде Ресей мемлекеттік кітапханасы ТМД-ның әртүрлі елдерінен келген мамандардың тәжірибе алмасу және ынтымақтастық алаңына айналды.

Курсқа Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан ұлттық кітапхана қорларының сақтаушылары мен реставраторлары қатысты. Сондай-ақ, оларға Елена Белозерова жүргізген мәрмәр қағазын жасау бойынша шеберлік сыныбы ұсынылды. Тренинг барысында тыңдаушылар қағаз бетінен ою-өрнек жасау техникасын қолданып көрді.

Тыңдаушыларға қалпына келтіру шеберханаларына, Кітаптар мұражайына және Ресей мемлекеттік кітапханасының қолжазба бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Курс соңында Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры Вадим Валерьевич Дуда сертификаттар табыстады.

консер   консерв   консерва

 

Кітап шоу - 2024