+7 (727) 267-28-83

бельгер

24 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі қазақ жазушысы, аудармашы және публицист Герольд Карлович Бельгердің  өмірі мен шығармашылығына арналған «Бельгер бейнесі – ел жүрегінде» атты еске алу кеші өтті.

Шараның модераторы – режиссер, сценарист, жазушы, аудармашы, кинодраматург, Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы.

Шараның мақсаты – Қазақстан халқының әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне, қазақ тілінің қарқынды дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қазақстандық жазушы Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Шарада сөз сөйлегендер: Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Темірхан Медетбек; «Простор» журналының бас редакторы Тамендаров Фархат Фаритович; Публицист, аудармашы, Қазақстан ПЕН-клуб президенті Ғабдуллин Бигелді Қайырдосұлы; Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Шашкова Любовь Константиновна; Ақын, өнертанушы, Қазақстан Жазушылар одағы, Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Тікебаева Бүбішхан; Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ананьева Светлана Викторовна; Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы жәнe көрнекті жазушы Герольд Бельгердің жұбайы Райса Закировна.

Шара аясында «Простор» журналының бас редакторы Тамендаров Фархат Фаритович ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына және Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызына Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

бельгер1   бельгер2   бельгер3   бельгер4
бельгер5   бельгер6   бельгер7   бельгер8

 

Кітап шоу - 2024