+7 (727) 267-28-83

еренгайп

26 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, академик Еренғайып Омаровтың 75 жылдық мерейтойына байланысты «Қазақстан ғылымының өркениет өрісіндегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қайнар академиясы.

Конференцияны модератор – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚазҰЖҒА вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлы жүргізді.

Шарада ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Кариннің, ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың құттықтау хаттарын Кәрімбек Арыстанбекұлы  және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов табыстады.

Конференцияға Франция, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Ресей, Қырғызстан және қазақстандық белгілі ғалымдар онлайн (zoom платформасында) және офлайн қатысып, ғалым Еренғайып Омаровтың еңбектері мен шығармашылығы, қазақ және әлемдік өркениет жайында баяндамалар жасады.

Конференция аясында Еренғайып Омаров өзінің кітаптарын Ұлттық кітапхананың қорына сыйға тартты. Сонымен қатар, Ұлттық кітапхана қорынан ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: профессорлар, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, т.б.

еренгайп1   еренгайп2   еренгайп3
еренгайп4   еренгайп5   еренгай6

 

Кітап шоу - 2024