+7 (727) 267-28-83

цбс

Ү.ж. 13-14 қараша күндері ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшылары мен мамандары кітапхана ісін дамытудағы жаңашылдықтарды ілгерлету, кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында  экскурсиялық-танымдық тәжірибеден өтті.

Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова  ҚР Ұлттық кітапхананың қысқаша тарихына тоқталып, бүгінде кітапханада атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Кітапхананың стратегиялық басымдықтары, кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету,  халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру, баспа өнімдері, Қазақстандағы кітапхана ісінің жағдайын зерделеу, талдау, республика кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, Қазақстандық Кітапханалық Одақ жұмысымен таныстырды.          

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  ақпараттық технологиялар және иновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Н.А «Web-РАБИС»  бағдарламасы, кітапхананың электрондық каталогтары  мен дерекқорлары туралы баяндады.

Экскурсиялық-танымдық тәжірибеге қатысушыларға ҚР Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімдері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту, анықтамалық-библиографиялық қызметтерді, электрондық каталогтар мен дерекқорлар қорын қалыптастыру, цифрлық контентті қалыптастыру жұмыстары,  ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды  шығару, оқырмандар сұранысы бойынша жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау  туралы ақпарат берілді.

цбс1   цбс2   цбс3

 

Кітап шоу - 2024