+7 (727) 267-28-83

марина

24 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Мәскеу қаласы Үкіметі бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама департаментінен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына кітаптарды салтанатты сыйға тарту рәсімі және Алматы қаласындағы «Ұлы Жібек жолымен - 2023» XI Халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесі аясында белгілі орыс жазушылары Марина Львовна Москвина және Максим Альбертович Амелинмен кездесу өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар  Хамитқызы құттықтау сөзбен ашты.

Модератор М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Светлана Викторовна Ананьева болды.

Мәскеу қаласы Үкімет делегациясының өкілі, Ресей кітап Одағы жобаларының жетекшісі Алена Анатольевна Новокшонова ҚР Ұлттық кітапханасының қорына заманауи ресей әдебиеті жинақтарын сыйға тартты. 

Сонымен қатар, белгілі орыс жазушылары Марина Львовна Москвина және Максим Альбертович Амелинмен шығармашылық кездесу өтті.

Марина Львовна Москвина – «Ясная поляна» халықаралық әдеби сыйлығының финалисі, халықаралық Андерсен атындағы құрмет дипломының лауреаты. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылған кітаптардың авторы, оның сценарийлері мен әңгімелерінің желісі бойынша 20-ға жуық мультфильм түсірілген. Кездесуде автор шығармашылығы, саяхаттары, өзінің өмірі туралы, сондай-ақ әңгімелері мен кітаптарын қалай жазатыны жайлы әңгімеледі.

Максим Альбертович Амелин - орыс ақыны, аудармашы, әдебиет сыншысы және баспагер, «БГБ» баспасының бас редакторы. Іс-шарада автор қазақ жазушыларымен бірлескен жоба – «ТМД елдерінің қазіргі әдебиеті» антологиясы, қазақ және ТМД-ның басқа тілдеріне аударылған «Қазіргі орыс прозасы мен поэзиясы» екі томдығы туралы өз әсерімен бөлісті.

Мәскеу Үкіметінің «Москва книжная» баспа бағдарламасының медиа-экспозициясы сыйға тартылды. Бұл орыс әдебиетінің әйгілі классиктерінің, сондай-ақ, заманауи авторлардың Мәскеуге байланысты жазған кітаптары. Қалалық баспа бағдарламасының кітаптары астананың тарихы, қаланың тарихи және ескерткіш орындары, әдебиеттегі, өнердегі және сәулет өнеріндегі қала, жөлкөрсеткіштер, альбом-кітаптар, энциклопедиялық басылымдар, әйгілі мәскеуліктердің өмірі, Мәскеу туралы естеліктер секілді әртүрлі тақырыптарды қамтыған.

Іс-шараға мектептер мен колледждердің оқушылары мен оқытушылары, кітапханашылар, Алматы қаласы және Алматы облысының ЖОО филология факультеттерінің студенттері, БАҚ өкілдері, Орыс тілі мен әдебиеті қауымдастығы және т. б. қатысты.

марина1   марина5   марина7   марина9
марина2   марина3   марина4   марина1111

 

Кітап шоу - 2024