+7 (727) 267-28-83

29қараша

29 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Так было» атты кітабының тұсаукесер рәсімі  өтті.

Шараны модератор - белгілі журналист, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандаулетов Валерий Айтмұқашұлы жүргізді.

Шарада ҚР Журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы, «Bilgamesh» халықаралық ғылыми журналының жауапты редакторы, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының көрмелер мен конференциялар бөлімінің басшысы Крупко Игорь Владимирович, жазушы, журналист Арцишевский Адольф Альфонсович, белгілі кәсіпкер Байтасов Арманжан және т.б ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Олжас Омарұлы Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

«Так было» ‒ Олжас Сүлейменовтің ғұмырнамалық бағытта жазылған алғашқы естелік кітабы.

Кітаптың бірінші бөлімінде ақынның өміріндегі негізгі оқиғалар, көрнекті тарихи тұлғалармен кездесулері мен достық қарым-қатынастары, ХХ - ХХІ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалардың жарқын және қайғылы беттері туралы естеліктер жинақталған. «Әлемді еске алу» бөлімінде автор «1001 сөзден» бірнеше тарихи - лингвистикалық романдарын жинады. Бұл бөлімде Олжас Сүлейменов 60 жылдан астам уақытын арнаған ғылыми жобаларында ежелгі әлемнің алғашқы белгілерінен дамыған мәдениеттердің басталуын зерттей отырып, сөз археологиясының әдісін ашады.

Кітаптың екінші бөлігін дәуір құжаттары құрайды. Олжас Сүлейменовтің 1970-2000 жылдар аралығындағы таңдамалы қоғамдық-саяси басылымдары, сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жинақталған. Кітапта QR кодтар арқылы мұрағаттық бейнелерді тамашалауға болады (1960-2000 ж.). Кейбір мәліметтерді интерактивті форматтағы визуалды көздермен бейнелеу үшін YouTube желісінде орналастырылған түпнұсқаларға жасалған сілтеме арқылы көруге болады.

Кітап ғалымдар мен зерттеушілерге, тарих және әдебиет саласының мамандарына, сондай-ақ, кітапсүйер қауымға арналған.
 
Қатысушылар: белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Невада Семей» қозғалысының мүшелері және т.б.

29қараша1   29қараша2   29қараша3   29қараша5
29қараша6   29қараша7   29қараша8   29қараша4