+7 (727) 267-28-83

пен

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақ Пен-клубы мүшелерінің жыл соңындағы есеп беру отырысы өтті.

Шараны белгілі аудармашы,  Қазақ Пен-клубының Президенті Бигелді Ғабдуллин жүргізіп, 2023 жылы ұйым шеңберінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұйым мүшелеріне есеп берді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық жазушысы Смағұл Елубай, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек т.б ұйым мүшелері сөз сөйлеп, 2023 жылы атқарылған жұмыстарға өз бағаларын берді.

Сондай-ақ, ұйымға мүше ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің дауыс беруімен Бигелді Ғабдуллин Қазақ Пен-клубының Президенті лауазымына қайта тағайындалды.

Шара аясында бірқатар ақын-жазушыларды Қазақ Пен-клубы құрамына қабылдап, куәліктер табысталды.

пен1   пен2   пен3   пен8
пен4   пен5   пен6   пен7

 

Кітап шоу - 2024