+7 (727) 267-28-83

21д

21 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Мұқанқызы Жұматованың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығына арналған «Өмір өтіп барады көрген түстей...» атты кітабының таныcтырылымы өтті.

Шараны ҚР Мәдениет қайраткері, журналистика саласының үздігі, модератор Сәуле Жиреншина ашып, құттықтау сөзді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспановаға берді.

Өз кезегінде Бақытжамал Қайырбекқызы жаңа кітаптың шығуымен құттықтап және 103 жастағы Зұлқия Мұқанқызына ұлттық нақыштағы камзол мен орамал сыйлап, өз құрметін білдірді.

Шара аясында Қазақ телевизиясының ардагері, диктор, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Ләскер Сейітов, Қазақ телевизиясының ардагерлері Төлеубай Смағұлұлы, Әшірбек Көпішев, журналист Қали Сәрсенбай, Алматы қаласы Әкімі аппараты Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов, журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы Әлия Бөпежанова және тағы басқалар Зұлқия Мұқанқызының табысты еңбек жылдарына тоқталып, естеліктерімен бөлісті.

«Өмір өтіп барады көрген түстей...» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне: тұңғыш диктор әрі автор Зұлқия Мұқанқызы, Ләскер Сейітов, Бақытжамал Оспанова және Сәуле Жиреншина қатысты.

Шараға зиялы қауым өкілдері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

21д1   21д2   21д3   21д4   21д5  
21д6   21д7   21д8   21д8   21д10  

 

Кітап шоу - 2024