+7 (727) 267-28-83

26ммм

26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Тәуелсіздік жылдарында шетелденден атажұртқа ат басын бұрған көштің бастау алғанына 30 жыл тоуына орай және осы көшті бастап келген ақын-жазушы Ғалым Қалибекұлының 60 жылдық мерейтойына арналған публицистикалық кеш өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР Ұлттық кітапхансы.

Шараның модераторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ұлықпан Сыдықов.

Шарада Қазақстан Жазушылар одағы  басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Нұржан Қуантайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Карин Ерлан Тынымбайұлының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлының және Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлының құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ Нұржан Қуантайұлы мерейтой иесі Ғалым Қалибекұлына «Қазақстанның Құрметті Жазушысы» төсбелгісін табыстады.

Шарада белгілі сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Армиябек Сағындықұлы; тарихшы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Тұрсынхан Зәкенұлы ақын Ғалым Қалибекұлының өмірі мен шығармашылығы және Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бастау алған көш жайында баяндама жасап, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., академик Матыжанов Кенжехан Ісламжанұлы; көрнекті сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, әдебиеттанушы, ғалым Әмірхан Меңдеке; көрнекті жазушы Жүсіпбек Қорғасбек т.б ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белігілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков күй тартып, белгілі әнші Бибігүл Ғилымханқызы «Ағажай, Алтайдың жер қайда-ай» әнін орындады.

Шара аясында қаламгердің 60 жылдық мерейтойы мен көштің 30 жылдығы туралы жазылған естеліктер мен мақалалар жинақталып жарыққа шыққан  «Қадамы құтты, қаламы рухты» және « Шеген» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және т.б.

Кітап шоу - 2024