+7 (727) 267-28-83

27ж

27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында күйші-композитор, ақын Оразбек Сәрсенұлының туғанына 100 жыл толуына орай күйшіні еске алу және «Оразбек Сәрсенұлы. Күлтір-Мамай» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы – ҚР мәдениет қайраткері, «Алаш» алтын медалінің иегері, аталмыш кітаптың авторы, белігі күйші, ұстаз Мұрат Әбуғазы.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы құттықтау сөзбен ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: күйші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаев; дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова; күйші, «Құрмет» орденінің иегері Орақ Жауыров; күйші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов; күйші, дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров; ҚР Мәдениет саласының үздігі Амангелді Күзеубай, Саят Ақбасов; философия ғылымдарының докторы, ҚР Мәдениет саласыныз үздігі, ұстаз Нартай Бекмолдинов; жетігенші, ұстаз Қорлан Қартенбай және т.б.

Шарада Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі өнер» кафедрасының және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері Оразбек Сәрсенұлының күйлерін орындады.

Күйші-композитор, ақын Оразбек Сәрсенұлының «Оразбек Сәрсенұлы. Күлтір-Мамай» атты кітабына автордың көптеген күйлері музыкалық ноталармен берілген. Сондай-ақ, кітапта күйші туралы жалпы зиялы қауымның естелік жазбалары енгізілген.

Қатысушылар: Шәміл Әбілтай, Ермұрат Үсенов, Орақ Жауыров, Бейсенбай Сүлейменов, Жанас Бекентұров, Талап Қараш, Сәкен Сыбанбай, Саят Ақбасов, Асқар Дүйсенбі, Қанат Ержігіт, Амангелді Күзеубай, Қорлан Қартенбай және өзге де зиялы қауым, БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

27ж1   27ж2   27ж3   27ж4   27ж5  
27ж6   27ж7   27ж8   27ж9   27ж10  

 

Кітап шоу - 2024