+7 (727) 267-28-83

29.12 гл

2023 жылғы 29 желтоқсан, сағат 10:00-де О.Жандосов атындағы оқу залында «Қазақстан кітаптары» қызметінің мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлеріне жаңа түскен кітаптарға  библиографиялық шолу жүргізді.

Шолудың мақсаты -  «Қазақстан кітаптары» қызметінің қорына түскен білімнің түрлі салалары және көркем әдебиеттер бойынша жаңа әдебиеттермен таныстыру және олардың қызығушылығын арттыру.

Іс-шарада  сөз сөйлеп, шолу жасаған қызмет жетекшісі А.К. Рахимова, топ жетекші К.Н. Қасымбекова және кітапханашылар Г.Т. Алакушукова, Н.Б. Саева, Е.О. Ергеш, А.Толықбаева.

Шолуға қатысқан кітапхана оқырманы Медет Әбділлә осындай іс-шаралардың пайдасы туралы жалпы пікірін білдіріп, қызықты мәліметтері үшін кітапхана мамандарына алғысын білдірді.

29.12 329.12 229.12 129.12

Кітап шоу - 2024