+7 (727) 267-28-83

гл кастеев

Өнер бөлімінің оқу залында қазақ суретшісі, портретші және акварель суретшісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Бейнелеу өнерінің бәйтерегі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әбілхан Қастеев Алматы облысы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1930 жылы Қастеев суретші Н.Г.Хлудовтың жетекшілігімен Алматыға көшеді, алғаш рет акварельмен танысады, содан кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің шеберханасында оқиды. 1930 жылдары, Қазақстанда тақырыптық кескіндемедегі алғашқы қадамдарын жасаған кезде Ә. Қастеев қазақ халқының өмірі мен тұрмысын: «Қалыңдық», «Колхоз той», «Киіз үйдің ішкі безендірілуі» және басқа да суреттерді бейнелейтін үлкен жұмыстар сериясын жасады. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Қастеев тарихи-батырлық тақырыпты игеруді қолға алып, Амангелді Имановқа арналған бірқатар шығармалар жасады.

Ә. Қастеевтің таланты табиғатты, әсіресе оның туған жері Жетісу – «Қыстау» бейнесінде көбірек ашылды. Суретші «Кеңестік Қазақстан» жалпы тақырыбымен біріктірілген акварель пейзаждарының үлкен сериясын (соның ішінде Алматы мен оның айналасының пейзаждары; барлығы 100-ге жуық жұмыс), сондай-ақ «Қазақстан жерінде» сериясын (50-ге жуық акварель пейзаждары) жасады. Көптеген картиналар Абай мен оның шығармашылығына арналған – «Абай киіз үйдің алдында», «Жас Абай», «Абай жайлауда», «Бүркіт», «Қыс», «Жаз», «Көктем».

А. Қастеев 2000-нан астам картиналар, акварельдер, суреттер: «Колхоз сүт фермасы», «Бие сауу», «Мақта жинау», «Колхоз той», «Қалыңдықты күштеп алып кету», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу», «Түрксіб», «Егін», «Талас алқабы», «Қапшағай даласы» биік таулы мұз айдыны. «Ғани Мұратбаев», «Кенесары Қасымов», «Кенен Әзірбаев», «Шоқан Уәлиханов», «Жамбыл Жабаев», «Сәбит Мұқанов» және т.б. портреттік жанрдағы жұмыстар ХХ ғасырдағы Қазақстанның өзіндік көркем шежіресін жасаған.

Ә. Қастеев – Қазақ КСР халық суретшісі (1944), Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942), 4-5-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1966 жылы Ә. Қастеев «Қазақстан жерінде» акварельдер сериясы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Октябрь Революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Шебердің жұмыстары Ресей мен Қазақстан мұражайларының қорында сақтаулы. Қастеевтің есімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайына, сондай-ақ еліміздің бірнеше қалаларындағы көшелерге берілді.

Көрменің мақсаты – Қазақстандағы бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның шығармашылығын кейінгі ұрпақ үшін сақтау.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі туралы материалдар және мерзімді басылымдардан алынған туындылары ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Кітап шоу - 2024