+7 (727) 267-28-83

ким гл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге елеулі үлес қосқан корейтанушы ғалым Герман Николаевич Кимнің 70 жастық мерейтойына орай «Қазіргі  әлемдегі азиялық зерттеулер аясындағы Қазақстан корейтануының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті.

Конференция профессор Г. Кимнің ғылыми мұрасын насихаттауға, ғылыми-педагогикалық еңбек жолын зерделеуге арналды.

Салтанатты шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Қ. Түймебаев ашып, конференция қатысушыларына табыс тіледі.

Конференцияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президент архивінің директоры А.Х. Мустафина,  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Д. Мәсімханұлы, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Б.И. Ракишева, Республикалық мемлекеттік академиялық музыкалық-комедиялық корей театрының директоры Л.А. Ни, Қазақ-неміс Университеті, халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры Б.К. Султанов, Герман Николаевичтың отбасы, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, аспиранттар мен докторанттар, БАҚ өкілдері қатысты.

Бұған қоса шетелдік әріптестер, корейтанушы-профессорлар, ғылыми-институт және орталық директорларының видео-құттықтаулары тыңдалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы атынан конференцияға кітапхана директорының ақпараттық технологияллар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева және Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Л.Б. Абдрахманова қатысып, мерейтой иесін құттықтап, ескерткіш сыйлықтар табыстады.

Конференция барысында Ким Герман Николаевичтің шығармашылық өмір жолына арналған фото-көрме және ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

ким 1ким 2

Кітап шоу - 2024