+7 (727) 267-28-83

гл дулати

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында көрнекті ғалым, тарихшы және әдебиетші Мухаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына арналған «Түркі халықтарының ірі тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мухаммед Хайдар Дулати – тарих, география, этнография, әскери істер салаларын қамтыған көрнекті ғалым. Дулатидің толық аты-жөні Мырза Мухаммед Хайдар Дуглат Кореген. Хайдар Дулати 1499 жылы, жаулап алу жорықтары мен аумақтық шекаралардың үнемі жылжулардың дәуірінде дүниеге келген. Оның парсы тілінде жазылған, XIV ғасырдың екінші жартысы – XVI ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстан мен Қашқардың тарихы сипатталған әйгілі «Тарих-и Рашиди» еңбегі ұрпақтар үшін өте құнды. Дулатидің бұл басты еңбегі әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Кітап көрмесінің мақсаты – ұлы ойшылдың еңбектерін дәріптеу, оның әдеби мұрасымен таныстыру.

Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. «Адамзат ақыл-ойының алыбы» атты бірінші бөлім энциклопедиялардан, анықтамалардан және Мухаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен қызметі туралы материалдарды көрсететін басқа да басылымдардан тұрады.

«Тарих-и Рашидидің танымдық табиғаты» атты екінші бөлімде Мухаммед Хайдар Дулатидің шығармашылық мұрасы, оның «Жаһаннама» және «Тарих-и Рашиди» атты әйгілі еңбектері ұсынылған.

«Ұлы тұлғаны ұлықтау» атты үшінші бөлім  оқырмандарды: «История казахского народа», «Мұхаммед Хайдар Дулати – көрнекті руханият және ғылым қайраткері», «Абсаттар Хаджи», «Тұлғалар тұғыры» және т.б. сияқты белгілі тарихшылардың ұлы ойшыл туралы зерттеулерімен таныстырады.

 

Кітап көрмесіне шақырамыз!!!

Кітап шоу - 2024