+7 (727) 267-28-83

12.01 гл2024 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  белгілі  жазушы, ақын Жақиянова Алтыншаш Жұманқызының «Апа, сені сағындым», «Самал лебіз», «Көңіл назы»  атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жақиянова Алтыншаш Жұманқызы ‒ республикамызға жыр жинақтары мен көркем-публицистикалық шығармалары арқылы танылған талантты қаламгер.

Іс-шараның модераторы ақын Әділғазы Қайырбеков болды

Шарада ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай; ақын, Қазақ  телевизиясының ардагері Жұмаш Кенебай; жазушы, сықақшы Еркін Жаппасұлы; көрнекті ақын Аманғазы Кәріпжанәулеті; ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағиза Құныпияқызы; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлнұр Зұлқаршынқызы және т.б ақын-жазушылар құттықтау сөз сөйледі.

Белгілі жазушы, ақын Алтыншаш Жұманқызы шара соңында сөз сөйлеп, аталмыш кітаптың бірнеше данасын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.

Шара аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның және №178 лицейдің оқушылары Алтыншаш Жұманқызының өлеңдерін оқыды.

Аталмыш кітаптар әдебиетсүйер қалың оқырманға арналған.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

12.01_1.jpg   12.01_3.jpg   12.01_4.jpg   12.01_2.jpg  
12.01_8.jpg   12.01_6.jpg   12.01_7.jpg   12.01_5.jpg  

Кітап шоу - 2024