+7 (727) 267-28-83

14жжж

2023 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың «Тәуелсіздік – тұмарым!» атты шығармашылық кеші және «Жыр-ғұмыр» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

Шараның модераторы – белгілі ақын Серік Сейтман.

Шарада Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири, ақын, Түркі елдерінің жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдаулет, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжамал Қайырбекқызы, «Жалайыр» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажымұқан Ибрагимов, «Алматы-Болашақ» акционерлік қоғамының директоры Заңғар Ырымұлы ақынның «Жыр-ғұмыр» кітабының тұсаукесер рәсімін жасады.

Шара аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультетінің студенттері Сайлаубай Тойлыбаевтың «Мен желтоқсанмын» және Қазақ радиосының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжан Еңсебаев «Тәуелсіздік» өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағайша Исағұлова; Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Мақпал Жүнісова; ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Сұлушаш Нұрмағамбетова; белгілі композитор Мақсат Жәутіков; белгілі әншілер Гүлмира Ақүрпекова, Ғалымжан Тамендеров, Ербол Құдайбергенов, Эльмира Абдолданова, Гүлшат Тәкежанова, Айбек Мұхаметалиев, Ерлан Нұржан, Еңлік Нұрмағамбетова, «RAYAN» тобы, Диар Нұрсултанов ақынның сөзіне жазылған танымал әндерді шырқады. Сондай-ақ автор өзінің өлеңдерін оқып, ақынның немересі Әлихан Жайлаубай Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындады.

Шара соңында Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Жетісу облысы, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Қанат Нүсіпжанұлы, «Жалайыр» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажымұқан Ибрагимов, татар диаспорасы атынан Ғалымжан Тамендеров сөз сөйлеп, ақынға ізгі тілектерін білдірді.

Шарада ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Жыр-ғұмыр» кітабының бірнеше данасы Ұлттық кітапхана қорына сыйға табысталды.

Шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштердің "Батыр" Президенттік полкі" 0111 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сарбаздары, студенттер, кітапханашылар мен оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.

14жжж5   14жжж1   14жжж6
14жжж3   14жжж2   14жжж4

 

Кітап шоу - 2024