+7 (727) 267-28-83

соц гл

2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі залында IFEAC (Францияның Орталық Азияны зертеу институты) ұйымдастырған «Социальные травмы и их преодоление в коллективной памяти и культурных репрезентациях: исторический опыт Центральной Азии» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Қазіргі уақытта жаһандық тұрақсыздық пен саяси шиеленіс күшейген әлемде, әлі де әлеуметтік тұрғыда ауыр қабылданатын тарихи оқиғалардың қайта өзектенуі байқалады. Бұл қоғамның үйреншікті құрылымын бұзатын және бұқаралық жарақат реакциясын тудыратын оқиғалар немесе құбылыстар: есенгіреу, наразылық, бағындыруға немесе ұмытуға талпыну. Көптеген оқиғалар ұжымдық жадта сақталады, өнерде, мәдениетте, әдет-ғұрыптарда және коммуналдық тәжірибелерде көрініс табады және пысықталады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - Орталық Азия өңіріндегі әлеуметтік жарақаттар мен оларды еңсеру туралы ұжымдық жадтағы ерекшеліктерді, негізгі әңгімелер мен бейнелерді анықтау.

Дөңгелек үстелдің модераторы – тарих ғылымдарының кандидаты, IFEAC (Бішкек, Қырғызстан) қауымдастырылған зерттеушісі – Нестор Маничкин.

Іс-шараға қатысып, сөз сөйлегендер: Лариса Лещинская, «Қазақстандағы украинкалар» қоғамдық ұйымының басшысы (Қарағанды, Қазақстан); Гзавье Аллез, PhD, IFEAC ғылыми қызметкері (Бішкек, Қырғызстан); Тенлик Далаева, т.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, IFEAC қауымдастырылған зерттеушісі (Алматы, Қазақстан); Игорь Крупко, PhD, ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының көрмелер мен конференциялар бөлімінің басшысы (Алматы, Қазақстан); Сәуле Сүлейменова, кескіндеме магистрі, суретші (Алматы, Қазақстан); Эрик Сеитов, м.ғ.д. РҒА ИЭА (Мәскеу, РФ).

соц1   соц2   соц3

 

Кітап шоу - 2024