+7 (727) 267-28-83

адам гл2024 жылғы 4 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, жазушы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Әкім Ысқақпен «Адам – өмір дәптері» атты әдеби-сазды шығармашылық  кездесу кеші өтті.

Шараның модераторы –  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты. ⠀

Шара аясында Әкім Ысқақтың «Адам – өмір дәптері», «Кұн ұлымын», «Біздің Бапақ» атты кітаптарының  және «Кім едіңіз?» әнінің тұсаукесер рәсімі өтіп, Ұлттық кітапхана қорынан Әкім Ысқақтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. ⠀

Шарада Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов, мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, Қазақстан Жазушылар Одағы Сатира кеңесінің төрағасы Ермахан Шайхыұлы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры  Әділ Қойтан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер  Байғали Есенәлиев, подполковник Медғат Мадрахимов және т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Ә.Ысқақтың тұңғыш қазақ тілінде жазған «Халықтың көші-қоны туралы» заңы мен мемлекет пен қоғам үшін атқарған еңбектері және шығармашылығы жайында кеңінен тоқталды. ⠀

Сонымен қатар, шарада Әкім Ысқақтың «Намыс найзағайы», «Саған жазған хаттарым», «Әдемі ай», «Өмір-ай тәттісің» атты әндері шырқалып, стунденттер өлең жолдарын оқыды. ⠀

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары және т.б.

адам1   адам4   адам3
адам5   адам2   адам6
адам7   адам8   адам9

 

Кітап шоу - 2024