+7 (727) 267-28-83

жошы гл2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция мақсаты – Жошы Ұлысының тарихын, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талқылау.

Жошы Ұлысын зерттеуде жекелеген тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар мен процестер, Қазақ хандығымен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастық қаншалықты зерделенді деген сауалдарға жауап іздеу.

Модератор Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы болды.

ҚР Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы және тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әбілсейіт Қапезұлы конференция жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі бөлімде отандық және алыс-жақын шет елдерден осы мәселелерді зерттеуші тарихшылар офлайн және онлайн форматта баяндамалар оқып, пікір алмасты.

Конференция аясында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы ҚР Ұлттық кітапханасының қорына бірнеше кітаптарды сыйға тартты.

Шараға тарихшылар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, философтар және т.б. сала мамандары қатысты.

жошы3   жошы1   жошы2
жошы4   жошы5   жошы6

 

Кітап шоу - 2024