+7 (727) 267-28-83

сагадат гл

2024 жылғы 11 сәуір, сағат 9.00-де Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында Кеңес Одағының Батыры және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Әскери ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында III Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты ‒ әскери ғылымды дамыту мәселелерінің ауқымын сындарлы талқылауды ұйымдастыру.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің мамандары Журманов Дамир мен Мәлік Зарина кітап көрмесіне шолу жасады.

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық Қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысының Ақкөл ауданында дүниеге келген.

Сағадат Нұрмағамбетов 1971-1994 жылдары республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ол өз елінің қауіпсіздік және қорғаныс секторын нығайту үшін аянбай еңбек етті. Әскери сала жүйесін реттеді, әскери жоғары оқу орындарын жаңғыртып, жоғары білікті және білімді әскери кадрларды даярлауға бар күшін салды.

Үкімет қаулысымен Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі Құрлық әскерлерінің Әскери институтына, сондай-ақ Астана қаласының «Жас Ұлан» мектебіне берілді.

Конференцияда Әскери істегі жетістіктер мен мүмкіндіктер, сондай-ақ әскери ғылым мәселелері және оларды шешу жолдары туралы көптеген мәселелер қарастырылды.

Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам, әртүрлі әскери күш құрылымдарының өкілдері және т.б.

сагадат1   сагадат3   сагадат2

 

Кітап шоу - 2024