+7 (727) 267-28-83

корме гл«РУХЫ БИІК – ҰЛЫ ТҰЛҒА» АТТЫ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ

Бүгін ҚР Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Ғылым мен технологияның интеграциясы: тұрақты даму жолы» атты халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.

Осы конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорында сақталған Қ.И. Сатбаевтың баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларынан «Рухы биік – ұлы тұлға» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге 1923-1940 жылдары аралығында жарық көрген «Қазақ тілі», «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі», «Социалистік Қазақстан» басылымдары қойылды.

Көшпелі көрмені «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» қызметінің қызметкерлері: Ертай Біләл мен Динара Дүйсенбаева таныстырды.

Конференцияға келген қонақтар мен оқырмандар, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің ұстаздары мен студенттер қызығушылық білдіріп, Қаныш Сәтбаевтың құнды мұраларымен танысты.

корме 1   корме 3   корме 2

 

Кітап шоу - 2024