+7 (727) 267-28-83

кш айманов гл

2024 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі  аясында қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері, халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Шәкен Айманов - Қазақ киносының атасы» атты еске алу кеші өтті.

Кешті Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Шархан Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы арнаумен ашты.

Кеш модераторы белгілі кинопродюссер Төребай Қанат Әшірбекұлы болды.

Сөз сөйлеген қонақтар: көрнекті актер, ҚР Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстан Киногерлер одағының төрағасы Адай Құнанбайұлы, Белгілі деректі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омаров, Белгілі деректі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Текеев және тағы басқалар шара барысында қазақтың біртуар тұлғасы туралы көрнекті қоғам қайраткерлерінің аузынан естеліктер айтылды.  Қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосқан Ш. Аймановтың еңбек жолы мен кинодағы жарқын іздері туралы кино саласының бүгінгі мамандары сөз етті.

Кеш барысында деректі фильмнің үзінділері көрсетіліп, Ш. Аймановтың жанды даусы мен бейнеқордағы видеолары тамашаланды.

Іс-шара аясында Ш. Аймановтың нұсқасындағы «Жиырма бес» әнін Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, белгілі дәстүрлі әнші Еркін Шүкіманның шәкірті Жаппар Аблай Қанайұлы шырқады.

Қатысқандар: қазақ киногерлері, Ж. Елебеков ат. Эстрада және цирк колледжі, Орталық Азия техника-экономикалық колледждерінің оқытушылары мен студенттері.

кш айманов2   кш айманов3   кш айманов4
кш айманов1   кш айманов6   кш айманов5

 

Кітап шоу - 2024