+7 (727) 267-28-83

кш диалог гл

2024 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында әлемнің жүзден астам елінде миллиондаған адам атап өтетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАПшоу-2024» кітап фестивалі  аясында Әлем әдебиеті залында «Мәдениетаралық диалог эстетикасы» атты шығармашылық кездесу өтті.

«Мәдениетаралық диалог эстетикасы» – көркем сөз және шешендік өнер шеберлерімен шығармашылық кездесулер сериясы. Бұл кездесуге Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының мүшелері Н.П. Зайцев пен қазақ фантаст-жазушы, балалар жазушысы, халықаралық әдеби байқаулардың лауреаты Л.В. Лазарева және Ресей Вятка мемлекеттік университетінің Орыс тілі, сөйлеу мәдениеті және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті А.А. Калинин шақырылды.

Кездесуді Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова ашты. Шығармашылық кездесудің модераторы – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасындағы «Ресей ынтымақтастық» өкілдігінің қызметкері Т.В. Зубкова. Алматыдағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы М.С. Симакова өз сөзінде барлық қатысушыларды Кітап мерекесімен құттықтады.

⠀ Шығармашылық кездесуде жазушылар оқырмандармен кітап жазудағы тәжірибелерімен, шабыт алу, идея, сюжет, кейіпкер, сондай-ақ оқырманның қиялына әсер ететін көркем сөз шеберлігі және т.б. әдістермен бөлісті. Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына авторлардың кітаптарын сыйға тарту рәсімі өтті. Шешендік өнердегі сарапшы А.А. Калинин қатысушыларға «Қазіргі шешен: әлеммен диалогта» атты шеберлік сағатын өткізді. Онда ол қатысушыларға шешендік өнердің ерекшеліктерін, қарым-қатынас психологиясын, аудиторияның назарын аудару әдістерін және оның негізгі құпияларын егжей-тегжейлі айтып берді. Тыңдаушылар іс-шараға белсенді түрде қатысып, жазушыларға да, шешендік өнердегі сарапшыға да сұрақтар қойып, қызығушылықтарының жоғары екендігін көрсетті.

Іс-шара соңында шара қонақтары: А.А. Калининге, Н.П. Зайцевқа, Л.В. Лазареваға және т.б. алғыс хаттар табысталды.

Шараға гимназия оқушылары, Алматы қаласындағы колледждер мен ЖОО студенттері қатысты.

кш диалог1   кш диалог2   кш диалог3
кш диалог4   кш диалог5   кш диалог6

 

Кітап шоу - 2024