23 сәуірде жыл сайынғы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «КІТАП шоу-2024» кітап фестивалі аясында Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, «Қазақстан-Иран: «Наурызнама» мәдениеттердің үндестігі» атты әдеби – тақырыптық кеш өтті.
Шарада сөз сөйлегендер: Алматы қ. Иран Ислам Республикасының Бас консулы Фагани Мохсен мырза, Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Агазаде мырза, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары, Т.Е.Қыдыр, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті ирантану бөлімінің меңгерушісі және аға оқытушысы А.Ж.Боранбаева және Ғ.А. Қамбарбекова.
Іс-шарада «Наурыз» интеллектуалды квест-викторинасы өткізіліп, Қазақстанда Наурыздың атап өтілуі туралы материалдар ұсынылды. «Наурыз – бейбітшілік пен келісім мерекесі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әлем әдебиеті қызметінің мамандары шолу жасады. Сондай-ақ кітапханашылар мен студенттер әлемнің 5 тілінде және парсы тілінде мерекеге арналған өлеңдер оқыды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері, Ғ.Мүсірепов атындағы N 86 мектеп-гимназиясының, М.Мақатаев атындағы N 140 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана оқырмандары мен қонақтары қатысты.
Кеште Ж.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты оқушыларының музыкалық нөмірлері ұсынылды.
Іс-шараның белсенді қатысушылары мен квест-ойын жеңімпаздарына кітапханадан алғыс хаттар, кітаптар және Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығынан және Иран мәдени орталығынан сыйлықтар табысталды.