+7 (727) 267-28-83

гинекология гл2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында тұңғыш отандық басылым «Балалар мен жасөспірім гинекологиялық мәселелер» анықтамалығының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Балалар мен жасөспірім гинекологиялық мәселелер» анықтамалығының авторы медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Ресей медицина университетінің аға оқытушысы, Еуропалық және Дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер гинекологтары қауымдастығының мүшесі Әлімбаева Гуля Назарқызы.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нүрия Аманғалиқызы ашып, сөз кезегін модератор медицина ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Абдыхалықова Бибігүл Иманғалиқызына берді.

Шарада медицина ғылымдарының докторы, профессор, хирург Абдуллаев Марат Шадыбайұлы; медицина ғылымдарының докторы, профессор Малгаждарова Бақыт Сексембайқызы; қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса Аружан Саин; Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының маманы Қасымбекова Құттықыз және тағы басқа да медицина саласының мамандары сөз сөйледі.

Басылым медицина мамандарына, жас дәрігерлерге, сондай-ақ, жоғары курс студенттеріне арналған.

Анықтамалықта қазіргі заманғы халықаралық және отандық деректер негізінде жастардағы мүмкін болатын гинекологиялық мәселелерді диагностикалау және емдеу бойынша нақты нұсқаулар берілген.

Қатысушылар: дәрігерлер, медицинаның түрлі сала мамандары, қоғам қайраткерлері, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға мүдделі барша адамдар.

гинекология1   гинекология4   гинекология3   гинекология2

 

Кітап шоу - 2024