+7 (727) 267-28-83

токкожа гл2024 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қазақстан Көркем Академиясы» ҚҚ академигі Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлының тағдыры баяндалатын «Тоққожаның қызыл алмасы» атты деректі фильмнің премьерасы өтті.

Шараның модераторы белгілі журналист Қымбат Досжан.

Деректі фильм әкелі-балалы Қалила мен Мұхтар Омаровтардың режиссерлігімен түсірілген.

Деректі фильмнің өзегі атақты суретші әрі педагог Тоққожа Қожағұловтың әлемдік бейнелеу өнері тарихына қосқан жаңалығы ‒ тобаизм бағытын қалай ашып, қалыптастырғаны туралы.

Фильмге 1999 жылдан бастап мәліметтер жинақталып, 25 жылдан кейін көрерменге жол тартты.

Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, суретшілер, кино саласының мамандары және т.б.

токкожа1   токкожа2   токкожа3
токкожа6   токкожа4   токкожа5

 

Кітап шоу - 2024