+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның

Сыбайлас жемкорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен

 

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормалары басшылыққа алуы тиіс:

1. Мемлекеттік кызметші билік пен өз өкілектерін қолдана білуі және адал болуы керек.

2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игіліне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оңы қоршаган дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

4. Мемелекттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.

5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

6. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.

7. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

8. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.  

Кітап шоу - 2024