+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылдың 22 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын талқылауға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы: мәселелері мен басымдықтары» атты халықаралық конференция болып өтті. 

Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ЕҚЫҰ сарапшылары, сенаторлар, ҚР мемлекеттік органдарының басшылары, Жоғарғы Сот және республиканың жергілікті соттарының судьялары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы А.Өрсариев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәртіптік кеңестің рөлін баса айтты. 2008 жылдың және 2009 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша тәртіптік кеңес 6820 істі қарап, олардың 1448-ін тексерді, нәтижесінде 1682 тәртіптік іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеті үшін 9627 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин агенттіктің әзірлеген нормативтік-құқықтық актілері ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен біршама біріздендіретіндігін айтты. Атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ынтымақтастық жүйесіне еніп, тұлғаларды ұстап беру және заңсыз жасалған актілерді қайтару мүмкіндігін кеңейту арқылы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялады. Ол сондай-ақ әлеуметтік жарнама, сенім телефондары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жеделдету қажеттігін айтты.

Академия ректоры Бахыт Есекина Академия мен сыбайлас жемқорлықтың белең алмаушылық индексі және бизнесті жүргізудің қарапайымдылығы бойынша әлемде төртінші орын алатын Сингапур арасындағы ынтымақтастық туралы хабардар етті. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2009 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Қазақстанның саяси мемлекеттік қызметшілерін даярлау үшін Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі ашылатын болады. Сингапур университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі Академияны осы жоба бойынша мүмкін болатын әріптестердің бірі ретінде көреді. Үстіміздегі жылдың сәуір айында аталған Сингапур университетінде тағылымдамадан өткен Академияның 19 магистранты Сингапур еліндегі оқу процесін ұйымдастырудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия көшбасшысының технологиялық жетістігінің өте жоғары деңгейіне көз жеткізіп келді.

Конференция аясында жаһандану жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері туралы 44 баяндама тыңдалды.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің Төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстандағы ЕҚЫҰ миссиясы Басшысының орынбасары Жаннет Клетцер қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының сыртқы байланыстар қызметі

30.04.2009

 

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау жөнінде Агенттік және оның аймақтық бөлімшелерімен өткізілген тексерулер туралы 2009 жылдың 1 тоқсанына ақпарат

2009 жылдың 1 тоқсанында Агенттік және оның аймақтық бөлімшелері Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау сұрақтары бойынша 703 мемлекеттік органдарға тексеру өткізіді, оған қоса – 559 жоспарлы, 83 – мемлекеттік қызметшілері мен азаматтардың арыздары бойынша, 26 – мемлекеттік органдары мен басқа да заңды тұлғалардың үндеуі бойынша, 25 – Агенттік басшыларының тапсырмасы бойынша.

Тексеру барысында 3 086 заңнаманы бұзғандығы анықталды, соның ішінде жоспарлық тексеру барысында 2 988 заң бұзу фактілері анықталды. Мемлекеттік органд арасында нормативтік құқықтық актілердің келесі нормаларын бұзу өте жиі кездеседі: 482 – аттестацияны өткізу ережесі, 347 – конкурсты өткізу ережесі, 207 – мемлекет қызметтен өту тәртібі турулы ережесі, тәртіптік жаза қолдану ережесі - 205 фактілер.

Сондай - ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының мүлік пен табыстары туралы мәлімдемесі жөніндегі бөлімшесінде 63 заң бұзу анықталды.

Агенттік және оның аймақтық бөлімшелерінің ұсыныстарымен мемлекеттік органдар 80 шешім қабылдады, оған қоса 16 заңсыз бұйрықтардың күшін жойды.


Тексеру қортындысы бойынша тәртіптік жаупкершілікке 217 мемлекеттік қызметші, оған қоса 120 ескерту жарияланды,71 сөгіс, 17 қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес болмау туралы 5 ескерту, 4 мемлекеттік қызметшілер тартылды.

Мемлекеттік органдардың 787 заң бұзу жойылды (түзетуге келетінінен).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

20.04.2009

 

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің қортындысы

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында тәртіптік кеңестерімен жеке және заң тулғалардың 1 206 үндеуі қаралып, 163 тексеріс өткізілді. Тәртіптік кеңестерімен 530 ықыласты тексеріс өткізілді.

Тексерістің қортындысы бойынша мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңістірілген тұлғаларға қатысты 309 тәртіптік іс қозғалды. Тәртіптік кеңестердің 40 отырысы өткізілді, онда 371 сұрақтар қаралды.

Тәртіптік кеңестерімен шығарылған ұсыныстары бойынша 271 адам, оған қоса 1 аудан (қала) әкімі, 21 селолық округінің әкімдері тәртіптік жауапқа тартылды.

2009 жылдың 1 тоқсанында Тәртіптік кеңестерінің мүшелері жеке сұрақтары бойынша 1 757 азаматты қабылдады.

Қалалар мен аудандарда Тәртіптік кеңестерімен 159 көшпелі қабылдау өткізілді.
Айтылмыш мезгіл ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу сұрақтары бойынша Тәртіптік кеңестер, оған қоса мемлекеттік қызметшілерімен Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау жөнінде 315 семинар - кеңес өткізілді.

2008 жылы 7 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің даму мен халық денсаулығының жәйы туралы» кеңес хаттамасын жүзеге асыру бойынша іс шара жоспарының орындалуына Тәртіптік кеңестерімен жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сол үшін, халыққа медициналық көмек көрсетуді бұзғаны үшін Тәртіптік кеңестерінің ұсыныстары бойынша денсаулық сақтау органдарының 10 лауазымды адамдар тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

17.04.2009  

Кітап шоу - 2024