ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (СDNL)
ҚР Ұлттық кітапханасы IFLА-ға мүше болғаннан кейінұлттық кітапхана директорлары конференциясының (СDNL) жұмысынажыл сайын қатысып келеді. Ұлттық кітапхана директорларының конференциясы 1973 жылы құрылды. Ұйым Еуропа, Латин Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерінің ұлттық кітапханаларының проблемаларын талқылауға белсенді қатысып отырады. СDNL-дың жыл сайынғы отырыстары IFLA Бас конференциясы кезінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Ұйым екі немесе одан көп ұлттық кітапханалары бар елдер өкілдіктерінің келелі мәселелерімен; міндетті данаға қатысты заңнама мәселелерімен; ұлттық кітапхана құрамындағы библиографиялық қызметтердің іс-әрекетімен; кітапханалық және библиографиялық стандарттар жүйесімен; электронды құжаттарды сақтау (СDNL құрамында сандық түрге көшіру мәселелері бойынша жеке Комиссия жұмыс істейді), Интернеттегі ақпаратты қорғау және т.б. мәселелермен айналысады.
2013 жылғы 20 тамызда Сингапурде IFLA Конференциясы аясында дәстүрлі түрде өткізілетін Ұлттық кітапхана директорларының мәжілісі (CDNL) болды, күні бойы әлемнің жетекші ұлттық кітапханаларының директорлары ұлттық кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады. Мәжіліс тақырыптары: ұлттық кітапханалардың ақпараттық ресурстар саласындағы өзара тәжірибе алмасуы; бенчмаркетинг бойынша жобаларды жылжыту; елдегі Ұлттық кітапханалардың жұмыс жағдайын сипаттайтын және көпшілік кітапханалар жүйесіне таратылатын мәліметтер стандарттарын жасау. Сандық коллекцияларды қалыптастыру және көптеген т.б. мәселелер қозғалды.