+7 (727) 267-28-83

2524

2024 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен институттың 90 жылдық мерейтойы аясында «Ұлттық әдебиеттану мен өнертану: тарих тағылымы және заманауи ізденістер» атты дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...  

ТИКА

24 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі түрік агенттігінің (ТИКА) вице-президенті Үміт Наджи Йорулмазбен және Қазақстандағы ТИКА өкілдері Хикмет Өзденоғлу және Мехмет Байракпен кездесті.

Толығырақ...  

цыпкин

20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова мен Ресей Ұлттық кітапханасының директоры Д. О. Цыпкин (Санкт-Петербург) мәдениет, ғылым және білім берудің бірыңғай кеңістігін дамыту бойынша Еуразиялық өзара іс-қимылды нығайту және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ кітапханалар арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес онлайн форматта жұмыс кездесуін өткізді.

Толығырақ...  

1001

2024 жылдың 20 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көп туса қазақ дәл сіздей қызды» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

фагани

20 желтоқсанда дипломатиялық миссияның аяқталуына байланысты Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани мырза ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Қ. Оспановамен кездесті.

Толығырақ...  

300ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері, кітапхана саласының майталманы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының есімі ел жанашыры Динара Бердімұраттың құрастыруымен жарыққа шыққан «300 қайраткер» атты энциоклопедиясына енді.

Толығырақ...  

19122024 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбаева Лидия Хамитқызы өзінің «Теориялық механика және роботтық техниканың элементтері»,  «Теоретическая механика и элементы робототехники» атты орыс және қазақ тілінде шыққан оқулықтарының бірнеше данасын сыйға тартты.

Толығырақ...  

1924

2024 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қолдауымен С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде жарық көрген «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...