- Подробности
- Автор: editor
27 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған 87-ші концерттік маусымның ашылуына орай және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концертте көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қалпына келтірудің негізгі бағыттары» және «Кітапхана құжаттарын консервациялау» атты қазақ тіліндегі әдістемелік ұсынымдарды шығарды.
- Подробности
- Автор: editor
27 қарашада Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі ҚР Ұлттық кітапханасының қорына армян тіліне аударылған Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» және Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітаптарын сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысына қатысты. Отырыста ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова, ҚР Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Ашықбаев, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры К. Пиккат құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ мәдениеттерді жақындастыру Халықаралық орталығының директоры О.Сүлейменов сөз сөйледі.
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Қазақстандық Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапхана мектебінің қызметі аясында Нұр-сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының кітапхана мамандары үшін 2020 жылғы 26 қазан - 3 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курсын өткізді.
- Подробности
- Автор: editor
26 қарашада Әлем әдебиеті қызметінде Италияның танымал балалар ақыны, жазушы, журналист, ертегіші Джованни Родаридың 100 жылдығына арналған «Италияның ұлы ертегішісі Джованни Родари» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.
- Подробности
- Автор: editor
26 желтоқсанда Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» атты онлайн конференция өтті.
- Подробности
- Автор: editor
25 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Балалар әлемі: кітаптан армандарға» тақырыбындағы Халықаралық балалар оқуы форумына қатысып, ҚР Ұлттық кітапханасы әзірлеген «Оқитын Қазақстан» бағдарламасының жобасы жайында мағлұматтармен бөлісті.
Кітап шоу - 2024
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.