+7 (727) 267-28-83

Abai2

«Қазақстан  кітаптары» оқу  залында қазақ халқының ұлы ақыны,  қара сөздің хас  шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын  қалаған  алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған  «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Толығырақ...  

«Қазақстан кітаптары» оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан белгілі қазақстандық сыншы, әдебиеттанушы Виктор Владимирович Бадиковтың 80 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Владимир Бадиков 1939 жылы 15 тамызда Орынбор облысы Бузулук қаласында дүниеге келді. С.М.Кирова атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті мен аспирантурасын (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Толығырақ...  

salamat

2019 жылғы 9 тамызда  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында жазушы, журналист Саламат Хайдарұлының туғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесі қойылды.

Саламат Хайдарұлы  - 1919 жылы 15 маусымда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржол ауылында дүниеге келген. Атырау қаласындағы педтехникумды, Батыс Қазақстан облысындағы А.С.Пушкин атындағы институтты және қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Алғашқы  еңбек жолын ұстаз болудан бастаған. 

 

Толығырақ...  

2019 жылғы 24 шілдеде Н.Дәулетова атындағы залда қазақ тілінің «МӘМІЛЕ» пікірталас клубының презентациясы өтті.

WhatsApp Image 2019 07 24 at 164607Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, «Мәміле» клубының директоры Қанат Ғалымұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады.

Толығырақ...  

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің 100- жылдығына  арналған көрме ұйымдастырылды.                 

znamia

«Знамя труда» -  Жамбыл  облысының әкімдігінің баспа органының  орыс тілді газеті. Газет 1919 жылы тамызда Әулиеата атқару комитетінің және уездік комитетінің атынан шығып тұрды.

Толығырақ...  

koyan

2019 жылғы 20 шілде Ермек Тұрсынов клубында жас қаламгер Мейіржан Жылқыбайдың «Батыр қоян», «Тауға саяхат» атты  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны модератор белгілі журналист Есей Жеңісұлы жүргізді.

Толығырақ...  

  Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғалымдарға арналған залда металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Асқар Меңдіахметұлы Қонаевтың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Өнер бөлімінің оқу залында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 80 жылдығына арналған «Көп үнді құдірет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ghk 768x432

Республиканың еңбек сіңірген ұжымы, Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты Қазақ хор капелласы шығармашылық қызметін 1935 жылы бастады. Алғашында бұл шағын хор еді, оған композитор Дмитрий Дмитриевич Мацуцин жетекшілік етті. 1939 жылдың ақпан айында ол хор капелласы болып өзгерді.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024