+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 5  шілдеде әлем әдебиеті оқу залында «Ұлы француз жазушысы – Франсуа Рабле» атты жазушының 525 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Франсуа Рабле – (1494-1553) - белгілі жазушы, ғалым, философ, қоғам қайраткері. Ол Туренидегі Шинон маңында дүниеге келді. Әкесі Рабле – сот төресі, адвокат болып жұмыс істеді. 1511 жылы Рабле Пуатқа францискан монастырына берілді.

16e26fd41da01528b00554a01f4574c9

Онда теология, грек және латын тілдерін зерттеді. 1530 жылы Монпелье университетінің медицина факультетіне түсіп, көп ұзамай бакалавр дәрежесін алды. Рабле Гиппократтың трактаттарын зерттеді, медицина бойынша дәріс оқыды. 1532 жылы Пон-дю-Рон Лион госпиталінің бас дәрігері болды.

Толығырақ...  

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында облыстық «Сыр бойы» қоғамдық-саяси  газетінің 90 жылдығына  арналған көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

«Өнер» бөлімінің оқу залында жырау,  ақын Сүгір Бегендікұлының (1894-1974) 125 жылдығына арналған «Жыршылық өнер жүйрігі» атты кітап көрме­сі ұйымдастырылды.

01012

Сүгір Бегендікұлы 1894 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Сүгірдің әкесі Меккеге екі рет барған қажы, діндар адам болған. Сүгір бала кезінде тоғыз жыл молдалардан дәріс алды. Әли Тауанның асына арналған жиында 27 жастағы   Сүгір бүкіл елге әйгілі болды.

Толығырақ...  

Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғалымдарға арналған залда кеңестік ғалым-биохимик, биохимиканың, молекулярлық биология және биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Мұрат Әбенұлы Айтхожиннің 80 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұрат Әбітұлы Айтхожин 1939 жылы 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында  дүниеге келген.

1962 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), 1962-1965 жж. Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.

Толығырақ...  

mukan

2019 жылғы 27 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда  «Мазмұндама» қоғамдық қорының ТОП-10 жобасының аясында жарық көрген Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлының  «Көшбасшылық» және «Лидерство» атты жинақтарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы «Ана тілі» газетінің бас редакторы, ҚР Президенті сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан болды.

Толығырақ...  

2018 жылғы 21 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан кітапханалары басшыларының Жылсайынғы кеңесі өтті.

q44

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова ашып, 2018 жылғы  Қазақстандағы кітапхана ісінің  жағдайы туралы баяндама жасады.

Кеңестің мақсаты республикадағы кітапхана саласының өзекті мәселелерін талқылау болды.  Атап айтсақ, Қазақстан Республикасында кітапхана ісін дамыту тұжырымдамасының жобасымен, ҚР «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс»;

Толығырақ...  

 

30

2019 жылғы 20 маусымда Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқарғанына 30 жыл толуына орай Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен қызметіне арналған «Әлем таныған Елбасы» атты кітап көрмесі қойылды.

Толығырақ...  

bamiw

2019 жылғы 19 маусымда Е.Тұрсынов залында “Ер Жәнібек ” халықаралық қоғамдық қоры және Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен белгілі ақын-жазушы, публицист, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтті.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024